Доллар бағамы 465 теңгеден асты
Қазақстандық KASE қор биржасында бейсенбі күнгі кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,15 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік валюта 10,79 теңгеге қымбаттап, бағамы 465,15 теңгені құрады.
Күндізгі сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 464,81 теңге болған еді. Бұл Ұлттық банктің 24 маусымға белгілеген ресми бағамы саналады.
Ал рубль бағамы 8,7 теңге болды.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 463-464 теңгеге сатып алып, 467-470 теңгеден сатып жатыр.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр