Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доктор Шумковты өлтірді деген күдікті туралы әріптестері: Біз тізімнен ондай науқасты таппадық

Алматыда аңшы мылтығымен “өз пациенті” атып өлтірген дәрігер Юрий Шумковтың Гастроэнтерология институтындағы әріптестері ол туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап. 

"Онымен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Отбасындай болып кеткенбіз. Мен көп жылдар бойы гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі болдым, Юрий Петрович менімен бірге бір бөлімде жұмыс істеді. Яғни, Қалқаманда, бірінші қалалық ауруханада, содан кейін теміржолда болды. Керемет дәрігер, керемет адам. Оның көптеген пациенттері болды. Барлығының пікірлері оң болған еді. Өзі де үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүретін", - деді институт директоры Ләйлә Тәшенова.

Ол дәрігердің екі ұлы бар екенін айтты. Екеуі де оқушы. Біреуі биыл ЖОО-ға түсуге дайындалып жатыр. Ләйлә Тәшенова Юрий Шумковтың "көңілді, ақкөңіл және қайырымды" адам екенін, конфликтіге мүлде жақын болмағанын айтады. 

Тәшенова сонымен қатар дәрігерді өлтірген оның пациенттерінің бірі болуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді.

"Біріншіден, қазір постковидтік синдром, бізге психосоматикамен түрлі адамдар келеді. Мүмкін психикасы дұрыс болмаған шығар. Ондай науқас туралы тізімнен ақпарат іздедік, бірақ таппадық", - деп қосты дәрігер.

Айта кетсек, танымал гастроэнтеролог Юрий Шумковты 4 сәуір күні таңертең Алматыда аңшы мылтығымен атып өлтірді. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Полиция оны өлтірген күдіктінің өз пациенті болуы мүмкін деп санайды.

Талқылау