Діни басқарма 2023 жылға арналған діни күндер кестесін жариялады
Биыл Рамазан айының бірінші күні 23 наурызға тура келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2023 жылғы кестеге қарағанда, оразаның басталуы 23 наурызға келіп тұр. Қасиетті Қадір түні – 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Ал 21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні.
"Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – делінген ҚМДБ сайтында.
Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға түсіп тұр. Айта кетейік, үш күндік мерекенің алғашқы күні елімізде демалыс саналады.

Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды