Қазақстандық 17 жастағы оқушы жер сілкінісін бір күн бұрын болжайтын құрылғы жасамақ

Алматылық 17 жастағы мектеп оқушысы Әлихан Ғатаулин жер сілкінісін кем дегенде бір тәулік бұрын болжай алатын жүйе жасап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "24KZ" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда дарынды оқушы инженерлік компанияда ғылыми бағытты басқарып жүр. Ал Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығында оған арнайы жұмыс орны берілген. Оны жас ғалымдар арасындағы ең болашағы зор мамандардың бірі деп атайды.
Әр апта сайын 11-сынып оқушысы Әлихан Ғатаулин Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына келеді. Белгілі ғалым Галина Хачикянның кабинетінде ол зерттеу жүргізіп, ғылыммен айналысады. Оны бұл салаға 2024 жылдың қаңтарында Алматыда болған жер сілкінісі итермелеген. Сол кезде ол "неге адамзат әлі күнге дейін жер сілкінісін дәл болжай алмайды?" деген сұраққа жауап іздей бастаған.
“Жер сілкінісі кенеттен болатын табиғи апат. Біз көптеген құбылыстарды алдын ала болжай аламыз: тайфундар, дауылдар спутник арқылы көрінеді. Бірақ бұл соққы сияқты құбылыс. Ол мемлекетке экономикалық жағынан үлкен зиян келтіред. Ал адамдар жақындарынан айырылуы мүмкін”, – деді Әлихан.
Жас ғалым ресейлік геофизик Геннадий Соболев және басқа зерттеушілердің Күн белсенділігі мен сейсмикалық процестер арасындағы байланыс туралы жұмыстарын жалғастыруда. Бұл теория бойынша Күндегі жарқылдар геомагниттік дауыл тудырып, жер сілкінісіне әсер етуі мүмкін.
“Ол мектеп оқушысы болса да, ғылымға терең қызығушылық танытты. Тәжірибесі аз болса да, үлкен бағытқа кірісіп кетті. Күн жүйесі мен оның жер қыртысына әсерін зерттеуде. Бұл адам қауіпсіздігімен тікелей байланысты маңызды сала”, – деді Жер қыртысының флюидтік режимі зертханасының меңгерушісі Абдулазиз Абдуллаев.
Ғылымға деген қызығушылығының арқасында Әлихан NASA ұйымдастырған ірі байқаудың финалисі атанған. Кейін оны deeptech компаниясы шақырып, ол халықаралық командада жеке ғылыми бағытты басқарып, ересек инженерлермен бірдей деңгейде жұмыс істеп жүр.
ОқыңызӘлихан спутниктік деректерді, геомагниттік көрсеткіштерді және сейсмикалық белсенділікті талдап, Күн жарқылдары жер сілкінісін шамамен бір тәулік бұрын ескерте ала ма деген мәселені зерттеуде.
Алихан Ғатаулин, мектеп оқушысы:
“Бізде биологиялық алдын ала болжам беретін дүниелер бар. Яғни жануарлардың реакциясы сияқты. Сондай-ақ физика-химиялық көрсеткіштер: жерден радон және басқа газдардың бөлінуіне назар аударуға болады. Біз осы барлық белгілерді біріктіріп, machine learning жүйесі арқылы өңдеп, ортақ нәтиже шығаруға тиіспіз, – деді Әлихан.
Оған Сейсмологиялық орталықтың архивтері мен ғылыми кітапханасы қолжетімді. Оның айтуынша, жасанды интеллект пен үлкен деректерге негізделген жер сілкінісін ерте ескерту жүйесінің алғашқы нәтижелері алдағы бес жылда пайда болуы мүмкін.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?