Динара Сәтжанның танымал келіні қыз босанды
Танымал дизайнер, блогер Әсем Нұрсейітова қызды болды. Қуанышты хабарды Әсемнің қайын әпкесі Динара Сәтжан жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Instagram/dinarasatzhan
"Қазақ еліне +1 Сәтжан. Кеше сағат 23.13-те біздің Әсем Нұрсейітова қыз босанды.
Босану – ғажап процес, дүниеге жаңа жанның келгеніне куә боласың. Қазақстанның жаңа азаматы", – деп жазды Сәтжан желідегі парақшасында.
Әсем Нұрсейітова – Динара Сәтжанның келіні. Динара маңызды сәтте Әсемнің жанынан табылған.
"Мен босану кезінде көмекші болып жұмыс істей алатынымды түсіндім. Позитивті атмосфера ұйымдастырамын деп уәде беремін. Белге массаж жасап, шай, кофе әзірлеймін.
- "Шымкенттік екенің көрініп тұр": 11 жасар Сағын Өмірбай ресейлік шоуда қазыларды тәнті етті
Ал егер шынына келсек, жақын адамыңмен бірге босануды заңмен бекіту керек деп ойлаймын. Мұндай сәтте қолдау өте маңызды. Бала туу өте ауыр. Бірақ бірнеше минуттан кейін-ақ әйел ол ауырлықты ұмытады", – дейді Динара Сәтжан.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық