Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дина Төлепберген: Мен медианы имамдарға үйретпекке барам

Дина Төлепберген медиа ілімін имамдарға үйретпек. Тележүргізуші алғашқы рет осындай дәріс жүргізетінін мойындады.

"Жүрегім дүрс-дүрс. Биіктен қорыққаннан емес. Уайымнан. Мен медианы имамдарға үйретпекке барам.

Бұрын-соңды оларға мұндай тренингтер өтпегем. Мен де имамдардан сұқбат алғаным болмаса, оқытып көрген емеспін.

Залға адамдар жинала бастады. Тренинг 09.00 басталуы керек. Ал қазір 08.25. Бұл заманда уақытынан ерте келетін адам бар екен ғой таңғаламын. 08.55 зал лық толы. Шын, менің менторлық тарихымда мұндай болған емес. Кешігу қанға сіңіп кеткен әдет деп едім, қателесіппін.

Ал танысайық. Түркия, Мысыр, Ливия, Ресей, Татарстанда оқып, магистратурасын жалғаған ағаларым екен. Ойы терең. Сөзі салмақты. Медианы тануға деген құлшынысы мықты! Білгенімді беруге тырыстым. Енді әлем желіде сапалы діни контент көбейер...

Қысқасы, Абай мұражайына кіре алмасам да ( жөндеуде екен), Абайдың атын ардақ тұтып, ұқсап баққа талпынғандарды көрдім. Имамдарымыздың бәрі Семейліктер секілді сері болса ғой шіркін, жат ағым жанымызға жолай алмас па еді бәлкім",- деді тележүргізуші.

Ол Семейге сапарлады. Желідегі оқырман Семейдің киелі жер екенін айтып жатыр.

"Бәрекелді, Дина! Алла сауаптан жазсын!", "

Семей халқы өте мәдениетті , сабырлы адамдар", "Семей аспан астындағы ашық мұражай. Абайдың, Достоевскийдің, Бибігүлдің, Розаның жүрген ізі бар. Той басқарған асабалардың өзі аса дайындықпен, толғаныспен той жүргізеді бізде. Аса мәдениеттілердің, талғампаздардың, білімділердің мекені бұл жер", "Семейге қош келіпсіз", - деп жазды желідегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр