Димаштың жаңа әні Қытайдың QQ Music платформасында рекорд жасады
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің "We Are One" (Біз бірбіз) атты жаңа композициясы Қытайдың QQ Music музыкалық платформасында алтын сертификат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

COVID-19-ға қарсы күрес жайлы ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексіне ие болды және алтын сертификат алды.
Димаш Құдайберген "We Are One" атты әнін эпидемиямен күрестің алдыңғы шебінде тұрған барлық дәрігерлерге, оқшауланған барлық адамдарға арнады.
"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп, қиын кезеңді бастан өткеруде. Қорқынышты ауруға қарсы топтасып, бір-бірімізге қиын-қыстау күндерде көмектесу арқылы ғана біз COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән эпидемиямен күрестің негізгі майданында тұрған дәрігерлерге және оқшауланған адамдарға арналған", - деді Димаш Құдайберген.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді