Димаштың атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді
Еліміздің атын әлем сахналарында дәріптеп жүрген танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында Құдайбергеновтердің отбасында болып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін берді.
Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табыстады. Еңбектері еленген өнегелі отбасы ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе облысы әкімдігіне алғыстарын жеткізді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”