Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш: Менің әйелім өмір бойы ата-әжеммен, ата-анаммен тұрады

Димаш Құдайберген болашаққа құрған жоспары жайлы айтты. Әнші болашақ жарымен, ата-анасымен, ата-әжесімен бірге тұруды армандайды. Тіпті бауырларымен бірге бір шаңырақ астында өмір сүргісі келеді. 

Димаш Құдайберген болашақ жарының өмір бойы ата-енемен тұратынын айтты. Одан бөлек бауыр-інілерімен бір шаңырақ астында тұру арманы. 

“Менің әйелім ата-әжеммен, ата-анаммен бірге тұрады. Ешқашан бөлек шықпаймыз. Бөлек шығу туралы әңгіме де қозғалмайды. Інілеріммен, бауырларыммен бірге үлкен отбасы болғым келеді. Олардан бөлек кеткім келмейді”, – дейді Димаш. 

Әнші ата-анасын бәрінен биік қоятынын, оларды қызғанатынын, бөлек кеткісі келмейтінін мойындайды. 



“Мен ата-анамды қызғанамын. Үнемі жанымда болса деймін. Маған басқа ешнәрсе керек емес. Үлкен үй болып ата-анамен бірге ұзақ өмір сүруді армандаймын”, – дейді ол.

Әншінің тыңдармандары оның сөзін қостап, қолдау білдірді.

“Қазір бұлай ойлайтын бала жоқ, бәрі бөлек тұрғысы келеді”, “Саналы ұлдың сөзі”, “Әйел алғанда басқаша болып кетпесін”, “Мен де ата-анаммен біргемін”, “Ата-әжемен, ата-анамен тұрғанға не жетсін”, “Арманыңа жет, солай үлгі көрсет, жарайсың”, “Ата-анаңыз ұзақ өмір сүрсін, бірге болыңыздар”, деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, жақында Димаш Қытайға қайта оралғанын хабарлаған еді. Кей ақпарат көздері өнерпазды Аспан асты еліне біржола көшті деп беруіне байланысты, Димаштың анасы Светлана Айтбаева пікір білдірді. Сондай-ақ Димаш жақында “Азияның ең сымбатты ер азаматы” атанды. 

Талқылау