Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Араласпаймыз": Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Некесі сәтсіз аяқталған Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен мүлдем араласпайтынын мәлімдеді. Алайда балаларының әкесі болғандықтан, оған еш жамандық тілемейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Иә, ажырасқаныма 2 жыл болды. Шүкір, 3 балам бар. Жолдасыммен араласпаймыз, көріспейміз. Бірақ ол менің балаларымның әкесі, әрдайым солай болып қалады. Тек қана бақыт тілеймін. Өмірінде бәрі жақсы болсын", – деп тілегін білдірді Динара.

Динараны ел арасында "Дикий Арман" аталып кеткен Арман Жұмагелдиевпен жұптастыратындар бар. Оған қос жұлдыздың шетелде бірге қыдыруы себеп болыпты. Алайда Қырықбаева арамызда қарым-қатынас жоқ деп ақталды. 

"Арман – еліміздің батыры. Дос, аға ретінде сыйлаймын. Ешқандай қарым-қатынас жоқ. Дубайда болғанда 1-2 рет кездесіп, шай іштік. Онда тұрған ешқандай жаманшылық жоқ деп ойлаймын. Біз бірге емеспіз", – дейді әнші.



"Аузы күйген үрлеп ішеді". Жеке өмірін жұртқа жариялап, соңында опық жеген әнші алдағы уақытта тұрмысқа шықсам, ешкімге тіс жармаймын деп отыр. 

"Күйеуге шығып қалсам, жарияламаймын, ешкімге айтпаймын. Бірақ кім біледі?! Мүмкін махаббатымды кездестіріп қалармын? Өмір ғой", – деді Динара. 

10 жыл бойы өмірін отбасына арнап, баламен үйде отырған Қырықбаева жақында сахнаға қайта оралмақ. Ол соңғы кездері вайнер болып көзге түсіп жүр. Айтуынша, жаңа сала халыққа да, өзіне де ұнаған.

"Вайнер боламын деп ойламаппын. Халыққа ұнап жатыр, өзіме де. Басқа да қырларымды ашудамын. 1-2 айдан кейін ән шығады. Тапсырыс беріп қойдым, күтудемін", – деді Динара.

Талқылау