Димаш Құдайберген 2 жылдан кейін Қытайға қайта оралды
Димаш Құдайберген араға 2 жыл салып, әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін Қытайға қайта оралғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құдайбергенов карантиннің кесірінен 2 жыл көрерменімен қауыша алмағанын атап өтті.
"Бір айға жуық оқшауландым және осы уақытта көптеген жоспарлар құрдым. Оларды Қытайдағы командаммен бірге жүзеге асырамын.
Сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін концерттер мен телевизиялық бағдарламаларға қатысамын (егер ол жақта карантинге байланысты шектеулер болмаса).
Әлемде болған карантин менің жоспарларымды бұзғаны раc, бірақ осы сәттен бастап сіздерді өз шығармашылығыммен қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін", – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады