Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер адамы атанды
Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер адамы атанды. Ол King Choice сайтының "Азияның ең тартымды 100 азаматы" (THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS 2021) рейтингінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 9 304 871 дауыс жинаған. Екінші орынға 8 197 925 дауыс жинаған оңтүстік-кореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин жайғасты.
Ал үшінші орынға тағы бір оңтүстік-кореялық әнші Чим Ын У жайғасты. Оған 1 918 514 дауыс берген.
Айта кетейік, Димаштың бұған дейін "Азияның ең танымал әншісі" аталымы бойынша Қытайдың Top Chinese Music Awards жүлдесімен, "Ең үздік шетелдік шығармашылық жыл тұлғасы" аталымы бойынша MTV Global Chinese Music Awards жүлдесімен, сондай-ақ, Қытай мен Қазақстанның "Достық елшісі" жүлдесімен марапатталған еді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту