Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір қазақстандық әнші әлемдік The Voice орындаушыларының рейтингіне кірді (видео)

27 жастағы Венера Исмагилова The Voice жобасының әлемдік рейтингіне енді. Ол әлем бойынша үздік он орындаушының қатарына кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

YouTube-тағы Best of the Voice арнасында әлем бойынша аталған жобадағы ең үздік нөмірлер көрсетіледі. Рейтингке бұл жолы Қазақстаннан бөлек, Болгария, Франция, Доминикан Республикасы, Польша, Финляндия елдерінің әншілері кірген.

Ақтөбелік Венера бала кезінен ән салған. Анасының қолдауымен, түрлі байқауларға қатысқан. Бүгінде екі қыздың анасы.

"Қазақстан дауысы" жобасының көрмей тыңдау кезеңінде Венера әйгілі "АБК" тобының "Тамшылар" әнін шырқап, 4 тәлімгерді өзіне қаратты. Ол Маржан Арапбаеваның тобына қосылды.

"Денені түршіктіретіндей қатысушы қашан келеді деп күтіп едім. Міне, осы сәт мен үшін туды. Мен сіз секілді дара, талант, оның үстіне ана, барлығына үлгеріп жүрген нағыз әйелді күттім", – деп жоғары бағалады Маржан Арапбаева.

Естеріңізде болса, бұған дейін Құралай Мейрамбек есімді қызылордалық әнші осы рейтингке кірген болатын.

Талқылау