Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш: Менің әлі айтарым бар! Бұл бастамасы ғана

Димаш Құдайбергенов өзінің барша жанкүйеріне алғыс айтты. Мұнымен қатар, бағындырар белестерінің әлі алда екенін сөз етті.

17932180_204911143341678_7679035585444446208_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жүрегім өнер деп соғады. Мақсатым – ән айту, күллі әлемге ішімде жатқан барды жар салу. Міндетім – қазақ әнін паш ету, жанкүйерлеріме жан жүрегімде жатқан жырды жырлау, өнерімді бағалайтындармен бірге толғану, тебірену! Менің әлі айтарым бар! Бұл бастамасы! Жеңіс құтты болсын! Жүрегім сіздермен бірге! Ыстық ықыластарыңыз үшін раxмет!» – дейді отандасымыз.

Желі қолданушылары да өз кезектерінде әншіге жүрек жарды тілектерін жеткізуге асықты. «Сенің бағындырар белестерің әлі алда. Жарайсың, Димаш. Ешқашан қанатың талмасын», «Бұл жобаға тек мықтылардың мықтысы қатысты. Сен солардың ішінен басып озған талантсың. Алла жар болсын! Біз сенімен біргеміз», «Өз өнеріңмен еліміздің мәртебесін асқақтаттың. Биіктерге самғай бер! Жеңісің құтты болсын!», «Жаным сол Димаш, өнердің шыңына жет», «Жарайсың, Димаш! Жеңісің құтты болсын! Біз үшін сен бірінші орынға лайықсың» деп жазады олар.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергенов 15 сәуір күні өткен байқауда екінші орын алды. Ол финалда әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін орындады.


Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Димашты ары қарай да қолдайтын боламыз

Роза Рымбаева Абай Бегей мен Асхат Тарғынды ұнатпайтынын ашық айтты

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Талқылау