Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Димашты ары қарай да қолдайтын боламыз

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың  «I am a Singer-2017» байқауында екінші орын алуына қатысты пікірін білдірді.

17881060_435281016807795_5607702003955269632_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бұл ұзақ әрі қиын байқау болды. Бұл жеңіске біздің Димаш ерен еңбегінің арқасында жетіп отыр. Ол басып озып, жетістерге қол жеткізді. Димашты және ата-анасын, барлық жанкүйерін бұл жеңісімен құттықтаймын. Біз сен үшін қуанып, өзіңді мақтан тұтамыз! Димаш – жай ғана жұлдыз емес, ол үнемі алға жылжып, өзін дамытып отыратын талант иесі. Алдағы уақытта оны талай жеңіс күтіп тұрғанына мен сенімдімін. Біз оған қолымыздан келгенше көмектестік, алдағы уақытта да көмектесетін боламыз. Димаш, алтыным, табысты бол. Жарадың, сені мақтан тұтамыз!» – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергенов 15 сәуір күні өткен байқауда екінші орын алды. Ол финалда әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін орындады.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева Абай Бегей мен Асхат Тарғынды ұнатпайтынын ашық айтты

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Талқылау