Димаш Құдайберген жаңа клипінің режиссері болды
Аты әлемге мәшһүр қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің жаңа клипінің режиссері болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің инста-парақшасында жариялады.

"Достар, жақсы және жаман жаңалығым бар. Мен жаңа клипімнің режиссері болдым. Әрине, бұл өнертанушылар үшін жаман жаңалық. Бірақ керемет жаңалық: мен жалғыз емеспін, мені және менің барлық көрермендерімді өте талантты қоюшы-оператор, режиссер және жай ғана мега мықты адам Азамат Дулатов құтқарды. Сонымен, достар, бәрі соншалық жаман болмайды. Жақында..."- деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-да.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынатынын мәлімдеген еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр