Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген докторантураға түсті

Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің докторантурасына оқуға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы университеттің Instagram-дағы ресми парағында баспасөз қызметі хабарлады.

«2020-2021 оқу жылына арналған Қазақ ұлттық өнер университетінде докторантураға қабылдануға үміткерлердің тізімі жарияланды.

Олардың ішінде музыкатану мамандығы бойынша Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы бар.

"Оқуға түскен түлектерді құттықтаймыз және болашақ ғылыми дәрежелерін абыроймен қорғауларына тілектеспіз!" - делінген хабарламада.

Айтпақшы, 18 маусымда Қазақ ұлттық өнер университеті Димаш Құдайбергеннің ««Дәстүрлі музыкалық өнер өкілдерінің тұлғалық бейнесі» атты магистрлік диссертациясын қорғады.

Коронавирустық инфекция қаупіне байланысты емтихан қашықтық форматта өтті.

«Композиция» мамандығының магистранты ең жоғары бағаға - 100 балл алды. Ол сонымен қатар докторантураға түсу туралы ұсыныс алды», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Талқылау