Димаш Құдайберген фестивальдің басты концерті қарсаңында Өскеменге келді

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Өскемен қаласына келді. Әуежайда өнер иесін фестиваль ұйымдастырушыларының өкілдері, жанкүйерлері мен қала тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды.

Ертең Димаш Құдайберген Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында өтіп жатқан "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалінің гала-концертінде басты хедлайнер ретінде өнер көрсетеді.

Өнер иесінің концерті фестивальдің ең айтулы музыкалық оқиғасына айналады деп күтілуде. Сонымен қатар сахнаға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан, Башқұртстан және Тыва Республикасынан келген өнерпаздар шығады.

Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”