«Дикий Арманның» оң қолы деп айыпталған ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды
Бүгін еліміздің ІІМнің баспасөз қызметі "Дикий Арман" бастаған қылмыстық топтың 80-нан астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Олардың ішінде танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев те бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтыскердің өзі болған жағдайға қатысы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Нұржан Иманәлиевтің осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болғаны белгілі болды.
Нұржан Иманәлиевтің қамауда отырған Арман Жұмагелдиевпен тығыз байланыста екені көпшілікке белгілі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жариялаған суретте Арман Жұмагелдиевпен бірге тұрғанын көруге болады.
Еске салайық, "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар