Диетолог жаңа жыл дастарханында бірге жеуге болмайтын өнімдерді атады
Дәрігер эндокринолог, диетолог Оксана Михалеева жаңа жыл дастарханындағы бірге тұтынуға болмайтын өнімдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, көп мөлшерде майлы тамақтар мен ішімдікті бірге ішу жіті панкреатитке душар етуі мүмкін. Маман оның алдын алу үшін майонезді аз қолдануға немесе оны майлылығы төмен қаймақпен, йогуртпен алмастыруға кеңес берді.
Сондай-ақ диетолог көп түрлі салат жасамауға кеңес берді.
"Бір жаңа жыл түнінде түрлі тағамдарды жеу ас қорыту жүйесіне салмақ түсіреді және қауіп факторы болып саналады", – деді ол.
Нутрициолог жаңа жылдық мәзірдегі қажетсіз өнімдерді атады
Михалева "оливье" салатын әзірлегенде шұжықты тауық филесімен алмастыруға, ал "тон астындағы майшабақ" салатына майлылығы төмен майшабақты таңдауға, майонезді аздап қосуға кеңес берді. Сондай-ақ ол жаңа жыл түні майлы тәттілерден бас тартуды ұсынды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған