Диетолог таңертең кофе ішудің зиянын айтты
Британиялық диетолог Кэтрин Келли таңертең кофе ішудің зиянын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, бұл сусынды ұйқылы-ояу немесе күннің дұрыс емес уақытында қолдану әрдайым сергектік бермейді.
"Егер әлі толық оянбаған кезде кофе ішсеңіз, одан да ұйқыңыз қанбағанын сезінесіз", — дейді Келли.
Ол оянғаннан соң 30 минуттан кейін ғана кофе ішуді ұсынады.
Диетолог ұйықтамағандарға аш қарынға кофе ішпеуге кеңес береді. Оның айтуынша, бұл бірнеше сағаттан кейін қандағы қанттың жоғарылауына әкеледі.
"Бірақ егер таңғы астан кейін кофе ішсеңіз, қандағы қант көтерілмейді. Сіздің таңғы астан алынған көкөніс талшықтары мен ақуыздар бұған кедергі келтіреді", - деп түсіндіреді Келли.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"