Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог қыста сергек жүрудің құпиясымен бөлісті

Диетолог Анастасия Анохина қыс мезгіліне арналған пайдалы кеңестерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Аргументы и факты” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Дәрігердің айтуынша, қыста ұйқының қанбауы және күн тәртібінің бұзылуы денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді. 

“Біз ішкі биологиялық сағатқа (тәуліктік ырғаққа) сәйкес өмір сүреміз: қараңғыда ұйықтаймыз және жарықта сергек жүреміз. Қыста таң кеш атып, күн тез батады. Соған сәйкес биологиялық сағат шатасып, істен шығуы мүмкін. Ал ағзадағы мелатонин (ұйқы гормоны), соматотропин (өсу гормоны), серотонин (бақыт гормоны) және кортизолдың (стресс гормоны) бөлінуі ішкі биологиялық сағатқа тікелей байланысты. Мұның барлығы біздің көңіл-күйімізге, белсенділігімізге, күш-қуатымызға және иммунитетімізге әсер етеді”, – дейді Анастасия Анохина. 

Диетолог қыс мезгілінде сергек жүру үшін мына кеңестерді ұсынады:

  1. Қыста адам ағзасында аминқышқылдары тапшы болады. Сол себепті тирптафон сынды аминқышқылға бай ақ ірімшік, соя, майлы балық, сұлы жармасы, күнбағыс және күнжіт тұқымын жиі тұтыныңыз;
  2. Ағзадағы D дәруменінің мөлшерін қадағалаңыз. Қажет болса, дәрігердің нұсқауымен дәруіменнің мөлшерін ақылдасып, қабылдағаныңыз жөн;
  3. Маусымдық азық-түліктерді де ұмытпаңыз! Қыста мандарин, түрлі-түсті және брюссель қырыққабаты, әртүрлі тамыржемістілер, құрма мен авокадо жеген пайдалы;
  4. Ұйқыңыз қанық болсын! Бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта тұруға дағдыланған дұрыс. Ұйқыға жатарда ауыр тағам жемей, 6-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз. Бұл ағзаның қыс мезгіліне бейімделуін жеңілдетеді.
Талқылау