Депутат Ермұрат Бәпи халықтың қарызын олигархтардың ақшасынан жабуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи олигархтарды тексерсе, халықтың қарыздарын толық жабуға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Халықты несиелендіруге арналған парламенттік тыңдау барысында Бәпи бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиевке жүгініп, олигархтарды назарға алуды сұрады. Айтуынша, олигархтардың ақшаларын тәркілеген ақшаға қарапайым халықтың қарызын еселеп жабуға болады.
"Бас прокуратура, неге сіздер “ескі Қазақстандағы" қарыздар бойынша жұмыс істемейсіздер? Неге триллиондаған ақшаны талап етпеске? Халықтың қарыздарын тексергенше, қарыздары көп "Назарбаевтың" олигархтарымен жұмыс істеу керек. Егер осы триллиондар қайтарылса, онда халықтың қарызын екі-үш, тіпті ондаған есе өтеуге болады", – деді мәжілісмен.
Сондай-ақ депутат заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы заңның және бас прокуратура жанындағы тиісті комитеттің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін сұрады.
Жандос Өміралиевтің айтуынша, бүгінгі таңда елге 900 миллиард теңгеге жуық актив қайтарылды. Бұл ретте ақша ғана емес, мүлік, жер учаскелері де қайтарылды.
"Бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Регламентті ескере отырып, сізбен қосымша кездесуге және қажетті ақпаратты беруге дайын", – деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.