Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Дәулет Тұрлыханов өз құрамасының үздік жаттықтырушысы ретінде ұлын таңдады

Мәжіліс депутаты, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов өз ұлы Тұрлыханов Данияр Дәулетұлына құраманың үздік жаттықтырушысы атағын берді, деп хабарлайды Press.kz.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2023 жылдың 22 желтоқсанында республикалық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Жыл сайын өтетін конференцияда спортшылар мен жаттықтырушыларды ресми марапаттау рәсімі өтті.

Конференцияда федерация президенті Дәулет Тұрлыханов сөз сөйлеп, ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары туралы айтты. Ол Олимпиада ойындарына сапалы дайындық қажет екенін жеткізіп, арнайы тапсырма берді. Атап айтқанда, облыстық федерация басшыларын күресті дамыту бойынша әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ ұлттық құрамаға келешегі зор мүшелерді ұсынуға шақырды.

Одан кейін шара грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша 2023 жылғы халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған мерекелік кешке ұласты. 

"Демеушілер мен республикалық федерация атынан көрсеткіштерді одан әрі ынталандыру және жақсарту мақсатында жас ерекшелігі бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары Айтмұхан Ризабек, Әсетула Сұлтан және Құрбаев Исхаруға пәтер кілттері, ал ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбековке автокөлік табысталды. Салтанатты шарада аталған спортшылардан бөлек 95-ке жуық палуан ақшалай сыйлықтарға ие болды", - делінген федерация хабарламасында.

Федерацияның мәліметінше, Айтмұхан Ризабек 2023 жылдың үздік спортшысы атанды. "2023 жылдың үздік жаттықтырушысы" номинациясына Қонысбек Түкенов пен Данияр Тұрлыханов ие болды. Ал "2023 жылдың үздік төрешісі" номинациясының жеңімпазы Игорь Лигай болса, "2023 жылдың үздік медицина маманы" номинациясы Ардрей Клипанға берілді. 

Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.  Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкім шығарып, 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салған болатын. 

Талқылау