Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты
Алматы әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Тұрлыхановтың 20 жастағы төртінші ұлы Нұрасыл Болат алматылық заңгер ерлі-зайыптылар Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылуда. Істің барлық материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот үкім шығарды.
"Нұрасыл Болат Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын", – деді судья Дихан Әлиасқаров.
Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен алматылық адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кешкі уақытта шабуыл жасап, соққыға жығып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар