Денсаулық сақтау вице-министрлері вакцинаның екінші дозасын салдырды
Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасарларына екпені Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханасында салды.
Айта кетейік, вакцинация екі кезеңде жүргізіледі - екінші доза біріншісінен 21 күн өткен соң алынады.
Еске салайық, 1 ақпанда елімізде жаппай вакцинация басталды. Ресейлік "Sputnik V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов салғызды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды