"Бактерияға қарсы дәрі-дәрмектер вирустарды емдемейді": Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға антибиотиктерді ішпеуге кеңес берді
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қазақстандықтардан антибиотиктерді өз бетімен ішпеуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бактерияға қарсы препараттар вирустық инфекцияны емдеу үшін қолданылмайтынын еске салғым келеді. Бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес, антибиотикалық терапия пневмонияны тудыратын бактериялық инфекцияның қосылуына байланысты ауруханалардағы науқастарға ғана қолданылады.
Азаматтарға өз бетімен емделмеуді, вирусты инфекция белгілері болған кезде антибиотиктерді өз бетімен қолданбауды ұсынамын", - деді Бюрабекова ОКҚ брифингінде.
Ол кейіннен ауру пайда болған кезде асқынулар болмау үшін әзірленген және ұсынылған жадынама мен чек-парақ бойынша әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылатыны туралы айтылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған