Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі әуе рейстеріне жаңа шектеулер енгізуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 қазаннан бастап басқа елдермен әуе қатынасының қосымша бағыттарын қалпына келтіруді тоқтата тұруды және әуе қатынасы қайта басталған елдерге рейстер санын көбейтпеуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз", - деді Цой Үкімет отырысында.

Сонымен қатар: екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін (қазіргі уақытта бұл әуе қатынасы жаңартылған барлық елдер) келесі міндетті талаптарды белгілеу ұсынылды:

  • термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы);

  • анықтама болмаған жағдайда келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады.

Министр дәл осы талаптарды шекаралық бекеттер арқылы елге кіретін адамдарға қолдануды сұрады.

"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне: мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде карантиндік стационарлардың өрістетілуін және келетін адамдарды тестілеуді қамтамасыз етуді тапсыруды сұраймын", - деп қорытындылады денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Талқылау