Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денесінің сау жері жоқ, басы мен іші көгерген": Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың денесі туған жеріне жеткізілді

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлмішесінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз мерт болған еді. Ол Отан алдындағы борышын өтеу үшін 18 сәуірде барған, бірақ 4 күннен соң жақындарына қаралы хабар жетеді. Қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі өткен аптада туған жері Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылына жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan Ұлттық телеарнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Әлібек

Әскерде санаулы күн болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірген Ішкі істер министрлігі оның денесінен жарақаттардың табылмағанын айтқан. Дегенмен марқұмның туыстары мұнымен келіспейді.

"12 сәуір күні баланы әскерге мәжбүрлі түрде алып кетті. "Сотталасың немесе 3 миллион теңге айыппұл төлейсің" деді. Кешкі 15:00-16:00 шамасында анасына қоңырау шалып, асқазанына дәрі алу керегін айтты. Денесінің сау жері жоқ. Бауыры, іші, басы мен қолдары көгеріп кеткен", – деді Әлібек Қалбайдың туысы Динара Тілесова. 



Ішкі істер министрлігінің өкілдері сарбаздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

"Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдары өз қызметтері бойынша тәуелсіз және Қорғаныс министрлігіне есеп бермейді. Бұл тексерістің әділ әрі объективті жүруі үшін жасалған", – деді Қарулы күштер бас штабы тәрбие және иедологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында көз жұмған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау