AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жамбыл облысында көз жұмған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қалашықта қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

"Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті", - делінген ақпаратта.

Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

Айта кетсек, 23 сәуірде Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болғаны белгілі болды. 18 жастағы сарбаздың Маңғыстаудан шақырылып, бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған.

"Таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.

Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр