Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған: Теміртаудағы құдықтан ер адамның өлі денесі табылды
Темітау полицейері қаладағы құдықтардың бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nv.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның қарындасы ағасы жоғалып кеткен күні бейтаныс ер адамның жанында жүргенін байқаған. Ол ағасын үйіне шақырған.
Марқұм барғысы келмесе де, келісімін беріпті. Ағасы қарындасына 40 минуттан кейін келетінін айтқан. Бірақ бұдан кейін қыз ағасын көрмепті.
Әйел ағасын бірнеше күн бойы күткен. Бастапқыда телефонына қоңырау шалынып тұрған, кейін телефоны мүлдем өшіп қалыпты.
- "Тірі болған": Ойын кезінде балалар сегіз жасар қызды өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген (видео)
- 13 жасар жоғалған қыздың денесі Көкшетау маңындағы орманнан табылды
Полицейлер 5 қыркүйек күні ер адамның өлі денесін тапқан.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін БҚО-да 4 жасар қыз құдыққа құлап мерт болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар