Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

36 мың теңге үшін: Павлодар облысының тұрғыны әйелінің денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген

Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтіріп, денесін жасыру мақсатында балтамен бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес 2022 жылдың күзінде Тереңкөл ауылындағы пәтердің бірінде ер адам мен оның азаматтық әйелі жанжалдасқан. 

Ер адам көмір сатып алуға қалдырған 36 мың теңгесін әйелі жұмсап қойғаны үшін ұрыс шығарған. Жанжал барысында масаң күйдегі әйел ер адамды табамен ұрмақ болған. Күйеуі жауап ретінде әйелдің кеудесі мен денесінің басқа да бөлігін жұдырықпен бірнеше рет соққан. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Келесі күні айыпталушы қылмысын жасыру мақсатымен әйелдің денесін бөлшектеп, кейіннен қапқа салып, Ертіс өзеніне лақтырып жіберген. 

Тергеу барысында ол кінәсін мойындап, бәрі қалай болғанын айтып берді. Сотта ол судьяны ешкімді өлтірмегеніне сендіруге тырысып, бәрін жоққа шығара бастады. Ол “әйелім тастап кетті” деп ақталды.

Бұл қылмыс үшін заңда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.



“Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”,– делінген Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау