Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өткен аптада Алматыдағы емханалардың бірінің темекі шегу бөлмесінде ер адам әйелге шабуыл жасап, 8-10 жерінен пышақ жарақатын салған. Оқырмандардың айтуынша, қылмыскерді сол маңдағы компаниялардің бірінің жүргізушісі ұстаған.
Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.
"Осы факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы "Қылмысқа оқталу" және Қылмыстық кодекстің 99-бабында "Адам өлтіру" көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған