Денелері көлік салонынан ұшып кеткен: Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапқан, жетеуі ауыр жағдайда
Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза болды.Тағы жетеуі ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Жол апатына бірден үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа түсті.
Соққының қатты болғаны сонша, бірнеше адам көлік салондарынан жолға ұшып кетті. Олар қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кеткен болуы мүмкін.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем үш адамның өлімін тіркеді. Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды.
Олардың бәрі ауыр жарақат алған: аяқ-қолы сынған, миы шайқалған және тағы басқа.
Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді.
Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр. Кінәлі адам анықталып, сотқа тапсырылады. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”