Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ деп мәлімдеді

Коронавирустың түрлері мен формалары Covid-19 пандемиясының екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДДСҰ-ға сілтеп. Бұл туралы ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Ницан айтты.

"Коронавирустың түрлері мен формалары пандемияның екінші толқыны жоқ екенін көрсетеді", - деді Ницан "Пандемия-2020: қиындықтар, шешімдер, салдары" конференциясында.

Оның айтуынша, "қазіргі уақытта (коронавируспен ауыратындар саны) өсіп жатқан, керісінше, жұқтырғандар саны азайған елдер қатары да көп. Біз бұл жағдайға күнделікті негізде қараймыз, төмендеу (жұқтырғандар саны) бар елдердегі жағдайды зерттейміз", - деп атап өтті ДДСҰ өкілі.


Ницан көптеген адамдар коронавирустың өте қауіпті ауру екенін түсінбейді  деп атап өтті. Өйткені әлемдегі халықтың тек 5 пайызы ауыр халде.

"Бірақ бұл 5 пайызы қатты зардап шегеді, олардың өміріне қауіп төніп тұр, айту қиын", - деп қосты Ницан.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр