Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқыны келе жатыр: Алексей Цой қазақстандық медицинаның дайындығы туралы айтты

Цой Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай қазір тұрақты екенін, бірақ көптеген ТМД елдерінде және Еуропада аурудың өсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жақсы көрсеткіштерге қарамастан, біз төсек қорын кеңейтіп жатырмыз. Дәрі-дәрмектер сатып аламыз, жеке қорғаныс құралдарымен, маскалармен қамтамасыз етеміз. Екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Біз үшін екінші толқынды болдырмау өте маңызды", - дейді Цой. 

Сонымен қатар, Цой халықты тағы бір мәрте сақтық шараларын сақтауға шақырды. 

"Ең маңызды факт - бұл әлеуметтік дистанция және маска тағу. Біз аурудың 30 пайызы маска тағуға, 40 пайызы әлеуметтік арақашықтықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Өкінішке орай, азаматтардың барлығы маска таға бермейтінін байқап жүрміз. Біз сақтық шараларын сақтауға шақырамыз", - деді Цой.



Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда 20 қыркүйектен бастап карантинге қатысты қауесеттерге түсініктеме берген болатын.

"Карантиндік шаралар әлі жалғасуда. Бүгінгі күнгі карантиннің күшеюі алдын-ала болжанбаған. Болашақта бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз күн сайын, бүкіл елдегі ғана емес, сонымен қатар әр облыста және ауылдағы жағдайды бақылап отырамыз", - деді Есмағамбетова.

Ол сонымен қатар ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді өтінді.

ДСДҰ-ның 13 қыркүйектегі мәліметтеріне сәйкес, соңғы тәулікте әлемде 307 930 инфекция жағдайы анықталды. 

Еске салсақ, осыған дейін ДДСҰ коронавирустың екінші толқынының ықтималдығына баға берген болатын. 

Талқылау