ДДСҰ алғаш рет балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғаш рет балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға болатынын мойындады. Бұл туралы ДДСҰ сайтында жарияланған жаңартылған ұсыныстарда жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, егер балалар COVID-19-дың ауыр ағымының қаупі жоғары тобына кірмесе, шұғыл түрде вакцина салудың қажеті жоқ.
Егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне басымдық берілуі керек.
Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19-ды жеңіл өткеретіні атап өтілді.
Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы балаларға “Спутник V” вакцинасын қолдануға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырғаны белгілі болды, жақын арада шешім қабылданады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады