Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Құрылтай депутаттарын сайлау күні тұрғылықты жерінен тыс болатын азаматтар да дауыс бере алады. Ол үшін 7 тамыздан бастап есептен шығару куәлігін рәсімдеп, дауыс беретін күні өздері жүрген жердегі сайлау учаскесіне баруы қажет.
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын азаматтарға есептен шығару куәлігін алу тәртібін түсіндірді.
Комиссияның мәліметінше, сайлау күні тіркелген мекенжайында болмайтын азаматтар 7 тамыздан бастап өздерінің учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беріп, есептен шығару куәлігін ала алады. Куәліктерді беру дауыс беру күні қарсаңында сағат 18:00-де аяқталады.
Есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады. Бұл жағдайда сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.
Құжатты рәсімдеген азамат дауыс беру күні өзі болатын жердегі сайлау учаскесіне есептен шығару куәлігі мен жеке куәлігін ұсынады. Осыдан кейін ол сайлаушылар тізіміне енгізіліп, Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бере алады.
Орталық сайлау комиссиясы азаматтарды қай жерде жүрсе де сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді