Ерлан Қарин "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды
Ерлан Қарин "Әділет" партиясына мүше болып, Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Әділет" партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін таныстырды. Тізімге барлығы 186 адам енген.
Олардың қатарында:
- партия төрағасы Айбек Дәдебай;
- президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Қарин;
- сондай-ақ Раушан Қажыбаева;
- Наталья Годунова;
- Асхат Аймағамбетов;
- Константин Авершин;
- Марат Башимов;
- Александр Данилов;
- Гүлзира Атабаева;
- Сұңғат Есімханов;
- Снежанна Имашева;
- Бағдат Мусин және басқа да азаматтар бар.

Тізімде бұрынғы AMANAT партиясының төрағасы әрі Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, сондай-ақ Сенаттың бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан халық партиясы Құрылтай депутаттығына Әншілер Тамара Асар мен Аша Матай депутаттыққа ұсынылған еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?