Жігер Ауыпбаевпен әйгілі үнді әнін шырқаған келіншек желіні шулатты
Қойшы баланың бағын ашқан Жігер Ауыпбаев тағы да бір қарапайым жанның жұлдызын жақты. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына танымал үнді әнін шырқаған келіншектің видеосын жариялап, елді шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушыларының хабарлауынша, видеодағы келіншек Гүлнар Байсалбаева. Жеке парақшасында 4 баланың анасы екені жазылған.
Көпшілік Гүлнар Байсалбаеваның өнеріне тәнті болып, таңдай қақты. Кәсіби әншілерден кем түспейтінін жазды.
"Керемет дауыс", "Жігер, бұлақтың көзін ашып жүрсің. Үлкен сауап", "Мықты айтады екен, екінші Димаш қой", "Срочно дуэт құрыңыз. Мына дауыспен сахнаны жару керек", "Мәссаған, не деген дауыс. Жигер інім, кім болды бұл сұлу? Тәнті болдым. Керемет. Тек сөзін анық жаттап алу керек және дуэт айтып шықсаң хит болады. Гарантия", "Бұл кім? Не деген дауыс, түрін көрмесем Индияның бір әншісі деп ойлар едім", - деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты