AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота-Нұрға сөз салып, елді шулатқан актер отбасы жайлы айтты

Актер Шерхан Пірназар жұбайы мен балалары жайлы айтты. Ол Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат берді. 

Отандық телехикаяларда бой көрсетіп, танылған актер Шерхан Пірназар Қызылорда қаласында туып өскен. Алғашқыда әскери мамандықты таңдап, кейін оқуын тастап кеткен. Өнерге бет бұрып, бүгінде тележүргізуші, актер болып жұмыс істеп жүр. 

Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке сөз салғаннан кейін Шерхан Пірназарды танитын көрермендер саны артқаны рас. Алайда таңғы бағдарламаны жүргізетін қос әріптес мұны арнаның тапсырысымен, пиар үшін жасаған ұқсайды. Шын мәнінде Шерханның өз отбасы бар болып шықты. 

"Жұбайым оңтүстіктің тумасы, Алматыда туып-өскен. Мамандығы актриса, эстрада және цирк колледжін, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шабыт" университетін бітірген. Қазір кино саласында.. Алуа Қонарова апайымыздың көмекшісі, "Ринго" тобының әкімшісі болып жүрді. Қазіргі кезде декреттік демалыста, үйде отыр", - дейді Шерхан.



Актердің Әдемі есімді қызы, Рауан есімді ұлы бар. Кенжесі осыдан он күндей бұрын дүниеге келді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр