Дәурен Айдарқұлов: Жақсы көрер адамым қасымда жоқ
Дәурен Айдарқұлов сезімге толы сырлы жазба қалдырды. Бүгінде сүрбойдақтар қатарында жүрген актер махаббат тақырыбын қозғады.
Жақсы ойлар әрине көп, бірақ та, басымда жоқ.
Жақсы көрер адамым қасымда жоқ.
Бәрін де мен жақсы көрер едім,
Лайықты оған менің жасым да жоқ.
Жан тебірентерлік жазба жариялаған әзілкеш жан сырын өлеңмен жеткізді. Желідегі оқырмандары қолдау білдіріп, жалғызсырап жүрген актерге кеңесін айтып жатты.
- Дәурен Айдарқұлов: Мені жындар әлемі қызықтыра бастады, жындарды зерттеген соң намаз оқыдым
- Дәурен Айдарқұлов: Намаз оқитын, оранған қыз кездессе екен деп Алладан тілеп жүрмін
"Сені актер ретінде құрметтеймін, бірақ адам ретінде түсінбей-ақ қойдым", "Кеткен адам кетті, өз бақытыңды ойласаңшы", "Өз-өзіңді қажаудың түк керегі жоқ", "Екі отбасыңның біріне қосыл", "Ақботада да жақсы қыз кездеседі, әлі-ақ бағың ашылады", "Неге жеке өмірің тұрақсыз", "Дін жолындасың, сезімге ерік бересің, әйелдеріңмен біге емессің", "Мойыма, уақыт емші", - деп жазды олар.
Айдарқұлов екінші жары Ақботамен ресми түрде ажырасып кеткен еді. Дәурен Ақботаны қимайтынын айтқанымен үшінші рет үйленуге дайын. Үшінші кезекте иманды, намаз оқитын, оранған қыз кездессе екен деп тіледі.