Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: Мені жындар әлемі қызықтыра бастады, жындарды зерттеген соң намаз оқыдым

Дәурен Айдарқұлов өзінің тақуа болмаса да, түзу жолда екенін, ниеті түзу екенін айтады. Мен дін фанаты емеспін деп ақталды ол. Себебі дінге қатты берілгісі келмейді. Тек исламның парыздарын орындайды. Өзінің намаз оқуына жындар әлемі себепші болған.

Айдарқұлов исламның бес парызын орындап жүр. Бұл жолға аяқасты келмеген. Иудаизмді, христан дінін, басқа да діндерді зерттей келе Исламның өз діні екенін мойындапты. 

"Мен "Қызықстан" хабарында жүрген кезімізде дінге қызыға бастадым. Бағдарламада жұмыс істейтін оператор, жарық қоюшы ағалардың үлгісі ұнады. Сөзі, ісі бәрі маған үлгі болды. Олар маған уағыз айтып, насихат еткен емес. Дін туралы айтқан емес. Мен тек оларға сырттай қарап қызықтым. Мені жындар әлемі қызықтыра бастады. Ол туралы оқып, зерттей бастадым. Жындардың өмірін, жаратылысын зерттедім. Басқа да діндерді зерттедім. Ең соңында маған Ислам дінінің ыңғайлы екенін түсіндім. Ислам маған жақын болды. Ал жындар әлеміне қызығудың, ол туралы ойлаудың керегі жоқ екенін түсіндім", - деді актер "Талқылайық" бағдарламасына берген сұхбатында. 



Айдарқұлов қаланың баласы болғаныммен жаным қарапайым дейді.

"Мен ауылда өстім. Ауылдың тұрмысын көрдім. Сондықтан қарапайым адамдар ұнайды. Жазғы демалыс сайын ауылға барып жүрдім. Содан болар мен өзінше емеспін. Күнәларым көп. Оларды еске алғым да келмейді. Кейде бір жамандық істеп алып, оған қатты өкінген кездерім болды. Бір күнә істесең, оны қайтаратын жақсылық жасау керек. Тәубе ету керек", - деді әзілкеш.

Айдарқұлов өзін дін фанаты санамайды. Ол жолға қызыққан да емеспін дейді. 

"Дін фанаттарына қызыққан да емеспін, ол жол маған алыс. Мен тек исламның бес парызын білем. Соны орындаймын. Менің де пендешілігім, күнәларым көп. Оны айта бергім келмейді. Мен тағдырымның бұлай болғанын қаламаған едім. Бұл тағдыр", - деді Айдарқұлов.

Талқылау