"Дәурен Айдарқұлов екеуміздің арамыздағы "химия" – хайп": Актриса Салтанат Серкебаева жеке өмірі туралы айтты
Танымал актриса, әнші Салтанат Серкебаева алғаш рет отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Оян” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанаттың бағын ашқан “Томирис” фильмі болатын.
“Күйеуіме тоқал іздеймін” атты туындыда Дәурен Айдарқұлов екеуіміз ерлі-зайыптыларды сомдаймыз. Ол кісімен “арамызда химия болды” деген сөзіміз – хайп. Ұйымдастырушылар солай айтсақ, көрермен назары бізге ауады деп сендірді. Расымен жұрт шулап кетті. Өмірде ол кісімен қалай химия боласың?!” – деп күлді актриса.
Сондай-ақ актриса келер жылды “Отбасы жылы” деп бір сырдың шетін шығарды.
“2023 жыл мен үшін кино жылы болды. 4 киноның прьемерасында бой көрсеттім. Түсірілімге шақырту өте көп болды. Сол үшін жеке өмірге уақыт болмады. Жаңа жылды “Отбасы жылы” деп жариялаймын. 2024 жылы тұрмысқа шыққым келеді. Сүйіктім бар”, – деп жауап берді өнер иесі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы