Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: 2021 жылы үшінші әйел аламын, бұл жолы мәңгі бірге тұрамын

Дәурен Айдарқұлов тағы да ел назарында. Актер жаңа жылды тағы бір рет шаңырақ көтермек. Үшінші рет қателіке жол бермемін деп уәде берді актер.

Мүлдем сүйіспеңіздер: Дәурен Айдарқұлов жігіттерге кеңес берді

Бұл туралы Айдарқұловтың өзі дастархан басында айтты. Айдарқұлов Сабина Алтынбекова мен Саят Торсықбаевтың қуанышында қонақ болды. Осы кеште актер ел күтпеген жаңалығын айтты.

"2021 жылы мен үшінші рет үйленемін. Ер кезегі үшке дейін дейді. Екі рет дұрыс болмады. Үшінші әйелмен мәңгі бірге тұрамын деп уәде етемін. Алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер. Хайп емес, фактіге толы жаңалықтар болады", - деді актер.

Айдарқұловтың бұл өзі жанкүйерлері үшін тосын жаңалық болды. Олардың көпшілігі қолдау білдірсе, енді бірі ренішін айтты.



"Жалғызсырамай жұп болып жүргенің жақсы ғой, құттықтаймын", "Алла тілеуіңді берсін", "Біз сізді қолдаймыз", "Бала-шағаларыңыз бар емес пе?", "Өз отбасыңызға қосылғаныңыз дұрыс болар еді", "Әйел алу оңай, балаларға қиын", "Осындай азаматтарға таңғаламын", "Үшінші рет қателеспейтініңізге кім кепіл?", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Айдарқұлов бірінші отбасынан ажырасып, Ақбота Сейтмағамбетпен шаңырақ көтерді. Төрт жылдан соң жұлдызды жұп ресми түрде ажырасатындарын айтты. Актер Ақботаны ұмыта алмай жүргенін айтқанымен, үшінші рет үйленуге ниетті екенін жеткізді. Ал әнші актермен біржола ажырасқанын айтты.

Талқылау