Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев әлемдегі ең дарынды футболшылардың қатарына енді

Сатпаев

Фото:”Қайрат” ФК

Қазақстан ұлттық құрамасымен “Қайрат” командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең үздік 50 жас футболшылардың қатарында енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Танымал Goal басылымы жасайтын NXGN 2026 жылғы үздіктер рейтингін жариялады.

Айтулы рейтингте Дастан Сәтпаев 43-орынға жайғасқан.

Басылым Дастан Сәтпаевтың қысқа уақыт ішінде жарқ етіп шығып, қазақ футболының болашағына айналғанын атап өтті. Ол аз уақыт ішінде қарқында дамуы еуропалық клубтардың да назарын аударған.

“Қазақстаннан шыққан ұлы футболшылардың есімі көпшіліктің ойына бірден келе бермейді. Алайда Дастан Сәтпаев осы ұғымды өзгертіп, әлем жанкүйерлеріне өз елінен шыққан кем дегенде бір жұлдыз бар екенін дәлелдеуге жақын. "Қайрат" сапында жарқырай көрінген 17 жастағы шабуылшыға "Челси" қызығушылық танытып, оны жазда "Стэмфорд Бриджге" ауыстыру үшін төрт миллион еуро көлемінде келісім жасады", - делінген мақалада.

Сонымен қатар автор Сәтпаевтың Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың бірі екенін атап өткен:

"Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардан Ансу Фати мен Ламин Ямаль ғана Сәтпаевтың алдын орап тұр. Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасы тарихында ең жас дебютант әрі гол авторы атанған".

Басылым футболшының шеберлігіне де тоқталған.

"Ойын мәнері мен шабуылды аяқтау шеберлігі тұрғысынан оны Серхио Агуэроға ұқсатады. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында ол 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Енді оның BlueCo жүйесіне өткеннен кейін жаңа деңгейге қалай бейімделетіні қызық", – делінген материалда.

Айта кетейік, бұл рейтингте Дастан Сәтпаевтан өзге ең үздік жас ойыншылар қатарында Ламин Ямал (Испания “Барселона”), Эстеван (Бразилия “Челси”) және Пау Кубарси (Испания “Барселона”) бар.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 12:41