Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Менің атастырылған қызым бар еді, сол үшін Таразға барып жүрдім

"Орда" тобының мүшесі, әнші Дастан Оразбеков бала күнінде атастырылғанын мойындады. Тіпті ғашығын іздеп Тараз шаһарына барып тұрғанын айтады. 

Дастан Оразбеков бала күнінде атастырылған қызбен бас қосқан жоқ. 

"Қазір де бар шығар деп ойлаймын. Бұрындары құдалар балалары кіші күнінде атастырып қоятын. Менің әкемнің Таразда тұратын жолдасы бар еді. Болат ағамыз бен Ақайша әпкеміздің қызын менімен атастырыпты. Бірақ жастар өсе келе өздері шешсін, ұнатса қосылсын деп келіскен. Мен ол қыз үшін Таразға барып тұратынмын, бірақ қосылға жоқпыз", - дейді әнші.

Әнші бүгінде сүйікті жар, бақытты әке. Ол отбасының берік болуы үшін ер мен әйелдің бойында қандай қасиет болу керек екенін атап өтті. 

"Отбасында ыстығы да болды, суығыда болды. Бастысы ер адам кешірімді болу керек. Ал, әйел түсіністік танытуы керек. Дәл осындай отбасын бақытты болады", - деді Оразбеков. 


Әнші Дастан Оразбеков мұқтаж отбасыға бір қой сойып апарып берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр