Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Дастан Оразбеков мұқтаж отбасыға бір қой сойып апарып берді

Әнші Дастан Оразбеков көпбалалы отбасыға көмектесті. Бір қойды құрбан шалып, етін 9 бала тәрбиелеп отырға елордалық отбасыға апарып берді. 

Әнші Дастан Оразбеков мұқтаж отбасыға бір қой сойып апарып берді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Биыл құрбандық шалмап едім, соған байланысты көпбалалы отабсыға жәрдем ретінде бір қой сойып апаруға ниет еттім", - дейді әнші. 

Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан ана 9 баласымен әншіні қуана қарсы алды. 

6 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған ана суық үйде тұрып жатыр. Отағасы КамАЗ жүргізушісі. Өзі бала тәрбиелеп отыр. Бір баласының шетіп кеткенін айтты. 

"Балаларыңыз ертең-ақ есейіп, сізге демеу болады. Қызықты солардан көресіздер. Аман болсын. Енді ғана танысып жатырмыз. Алда тағы көмегімізді аямаймыз", - дейді Дастан Оразбеков.

Бұған дейін 9 балалы отбасығы әнші Зарина Омарова қайырымдылық жасап, көмектескен болатын

Талқылау