Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тар бөлмедегі тоғыз тағдыр: Әнші Зарина Омарова 7 балалы отбасыға көмектесті

Тар бөлмедегі тоғыз тағдыр. Жалдамалы пәтерде жеті баласымен жан баққан ерлі-зайыптылар бір ғана жалақымен өмір сүруге мәжбүр.

Тар бөлмедегі тоғыз тағдыр: Әнші Зарина Омарова 7 балалы отбасыға көмектесті

Шығыны көп бас шаһарда тұрып жатқан жанұяны жоқшылық қинаса да, бірліктері бекем, ниеті бүтін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сенбілік жаңалықтарымызда" алғаш рет шыққалы отырған айдарымыздың бүгінгі кейіпкерлерін күтпеген жерден қуантқан кім? 

Адамның аласы болмайды. Десе де, туа біткен кемтар, ата-анасыз өсіп жатқан балалар мен көмекке мұқтаж отбасылардың жағдайын көре тұра көз жұмып, көрмегенсіп өту мүмкін емес. Қажетінше мейірімділік танытып, жылы ықылас пен сүйіспеншілік білдіру  асыл қасиет. 

Тар бөлмедегі тоғыз тағдыр: Әнші Зарина Омарова 7 балалы отбасыға көмектесті

«Бақ  балалы үйге қонады». Бүгін біз бас сұққан отбасында 7 бала өсіп келеді. Үлкені 15-тен асса, кенжесі алты жаста. Ортаншы ұлы Марғұлан туғанынан мүгедек. Екі бүйрегінің біреуі ғана жартылай істеп тұр депті дәрігерлер. Жалдамалы 2 бөлмелі пәтерге айына 80 мың теңге төлейді. Отанасы балаларын қарап үйде отырғандықтан, отағасы жалғыз жұмыс істейді.

Отағасының тапқан-таянғаны ішіп-жемнен артылмайды. Жетпегенін балаларына берілетін жәрдемақы жабуда екен. Бірақ, қымбатшылық қысқан заманда бәрін үнемдеуге мәжбүр. Талай жылдан бері кең дүниеде тар баспананы мекен етіп келе жатқан отбасы сонда да жақсылықтан үмітін үзген емес.

Бақыттымын бауырларым, аға жаным қасымда. Бақыттымын, қарындасым, сендер барда қасымда деп шырқаған ағалы-қарындастың бұл әні жүректі елжіретті. Өздері кішкентай болса да, ойлары терең, талғамдары биік.

"Ал олай болса мен 1 қыркүйек қарсаңында балаларыңызға кішігірім болса да көмегім болсын деп оқу-құралдарын алып бергім келіп отыр. Олай болса кеттік", - деді әнші Зарина Омар.

Бұл сөзді естігенде балалардың жүзі бал-бұл жанды. Сонымен, уәдені орындау үшін мектепке қажетті құралдарды сататын жерге бет алдық .

Бақыт үшін көп нәрсенің керегі де жоқ. Шын ниетпен тарының түйіріндей болса да жақсылық жасасаң, соның өзі жетіп жатыр. Мектепке қажетті заттары түгенделген балалардың жүзінен соны аңғардық. Олардың бақытты сәтін көрген аналары да шын елжіреп қуанғанды.

"Жақсылықты жария етпей жасау керек. Дегенмен ғаламтор желілерінде көптеген челлендждер көбейіп кетті ғой. Оның орнына қайырымдылық эстафетасы болғанын жөн деп санаймын. Осы «қайырымдылық эстафетасын» құрбыларым Мөлдір Әуелбекова мен Салтанат Бақаеваға жолдаймын", - деді 

Талқылау