Дастан Қалдыбаев: Бірінші некемнен екі балам бар, екінші әйелімді алғаныма бір жыл болды
Дастан Қалдыбаев алғаш рет отбасы жайлы айтты. Әзілкештің бірінші некесінен екі баласы, екінші некесінен бір қызы бар. Қалдыбаев бірінші жарымен жараспай, жақында екінші рет отбасын құрғанын ашық айтты.
Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.
Көпшілікке КВН арқылы танылған Дастан Қалдыбаев өнер жолында еңбек етіп жүр. Бірнеше мамандықты меңерген актер кино түсірумен айналысып жүр. Одан бөлек түрлі мақсаттары, жобалары бар. Ел арасында әзілкештің отбасы жиі айтыла бермейді. Бұл жолы актер екі некесі жайлы ашық айтты.
“Мен кезінде мектеп бітірген жылы оқуға түсе алмадым. Ол кезде бәрі ақшамен, парамен оқуға түсетін. Қазіргідей еді. Сондықтан ыңғайы келмеді. Бір жыл ауылда жүрдім. Әкем әскерге жібергісі келді. Өзім сұранып әскерге бармақ болдым. Бірақ мені қабылдамады. Әскери билетпен бір жұмыс табылар деп ойлаған едім. Өзім Шығыс Қазақстанның тумасымын. Бірақ оқуға Шымкенттке түстім. Сондықтан көпшілігі мені оңтүстік өңірдің баласы деп ойлайды. Ойлай берсін. КВН-ге Шымкенттегі оқу орнынының атынан қатыстық. Солай “шымкенттік” атанып кеттім”, – дейді әзілкеш.
- Нұрболат Абдуллин: Мен әкем үшін арманымнан бас тартқан адаммын
- Үш ұлының суретін жариялаған Сәбит Әбдіхалықов елді сүйсінтті
Кейіннен Алматыдағы аграрлық университеттің басшысыны шақыртуымен оқуға келеді. Бұл жақта да оқу орнының абыройын көтеріп, КВН ойнауға тура келеді.
“Оқуға өздері шақырған соң мен заңгерлікті, кейін экономист мамандықты оқыдым. Тегін жатақханада тұрдым. Студент шақта отбасылы болдым, бірақ бірінші әйеліммен ажырасып кеттім. 8-9 жылдай болды. Үлкен ұлым мектеп бітіреді. Қызым 9-сынып бітіреді. Ол туралы айтқым келмейді. Әйелімнің еңбегі бар. Бірақ атын айтып, еске алғым келмейді. Әңгімеміз жараспады. Солай екі жаққа кеттік. Бір жыл бұрын екінші рет үйлендім. Қызым өмірге келді. 7 айға толды. Бұл жарымның есімі – Жанна. Екеуміз танысып білісіп, бір-біріміздің қандай екенімізді білген соң үйлендік. Аузы күйген үрлеп ішер дегендей. Екі баламмен араласамын. Көмектесемін. Алматыда тұрады. Жағдайын жасаймын”, – деді Дастан.
Әзілкеш бірнеше мамандықты игергенімен, өнерден кете алмаған. Қазіргі жарының өнерге қатысы жоқ. Ал өзі тек шығармашылығын арттыруға барын салып жүр.